№9 Меркі колледжінде 2021 жылдың ақпан айының 23-24 күндері колледждің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық кәсіпорындарының мамандары және кәсіпкерлерімен колледждің 2021 жылы оқу бітіретін түлектері арасында кездесу өткізілді. Кездесуге Меркі аудан әкімдігінің ХЖҚ орталығының маманы Ж.Ж.Бахрамов, АХАЖ маманы А.Б.Рахимбеков, Жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.А.Шәріпбек, «Абдекеев» ЖК басшысы Ы.Ғ.Абдекеев, «Өс - Өн» ШҚ басшысы Ө.Омаров, «Бөрібай» ШҚ басшысы Б.Кадиров, «Сері» ШҚ басшысы С.Шакиев қатысты. Кездесу барысында түлектерге : жастардың тәжірибеден өтуі, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» және «Серпін» бағдарламалары жайлы айтылып, жастардың өз кәсіптерін ашуға мүмкіндіктері жайлы жан-жақты мағлұмат беріліп, жұмыс орындары ұсынылды.