Биыл заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына-120 жыл. Бір ғана " Абай жолы" роман-эпопеясы дүниежүзі классикасынан ойып орын алған, әлем таныған Әуезовтің мерейтойы тойлануда. Осыған орай #9 Меркі колледжінің студенттері арасында "Мұхтар Әуезов-қазақтың сөз зергері" атты жазушының қылқаламынан туындаған туындыларынан үзінділер оқып, шығармаларымен сусындады. Мұхтар Әуезовтің әдеби әлеміне үңілудің өзіндік мақсаты бар. Ол кешегіні келешекпен байланыстыра отырып, қаламгер мен оқырман арасындағы әдеби байланысты нығайту және кітап оқуды насихаттау болып табылады.
Күллі қазақтың атынан үн қатып, ғасырларға сын бермес мұралар қалдырған Мұхтар Әуезов әлі де бізбен бірге ғұмыр кешуде.