1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында, бүгін №9 Меркі колледжінде "Бейбітшілік - ел тірегі" атты ұлттар достығының мерекелік іс -шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шарада колледж студенттері әр ұлт өкілдерін таныстырып, салт -дәстүрлерінен көрсетіп, ән-билерін тарту етті.